Ғылыми-техникалық бағдарлама тақырыбының атауы:
1. «Қазақстан Республикасында кәсіби тәуекелдерді басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру».
ҒТБ мақсатымен міндеттері.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында кәсіби тәуекелді басқару жүйесін енгізуді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында кәсіби тәуекелдерді басқарудың ғылыми терминологиясы мен әдістемесін қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасында кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу үшін әдістемелік және нормативті-құқықтық негіздерін өзектендіру;
3) Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу;
4) кәсіби тәуекелдерді басқару мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын реформалануын ғылыми негіздеу.
2. «Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістердегі еңбекті қорғауды ғылыми ұйымдастыру».
ҒТБ мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаты: Өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістерінде вахталық әдіспен және түнгі ауысымда жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбегін қорғауды ұйымдастыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1) Уақиғалар түрлері мен олардың себептері бойынша Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістерде жазатайым оқиғалардың туындау ерекшеліктерін анықтау;
2) Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістерде вахталық әдіспен және түнгі ауысымда жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін ұсынылатын еңбек және тынығу режиміне ғылыми негіздеме беру;
3) Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістерде вахталық әдіспен және түнгі ауысымда жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін еңбекті нормалаудың ғылыми негіздемесін беру;
4) Вахталық әдіспен және түнгі ауысымда жұмыспен қамтылуын көздейтін Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің жарақаттану қаупі бар өндірістерде еңбекті қорғауды ұйымдастырудың ғылыми негіздерін қалыптастыру.

Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы