Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:
Тиімді және сапалы еңбек үшін қауіпсіз және салауатты жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған еңбекті қорғауды басқару бойынша өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін жүйелік бағалау.

Еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттар мен тапсырмалар:
1. Әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мен еңбек қатынастарының заңдылығын күшейту жөніндегі, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегін мемлекеттік реттеудің ғылыми-негізделген механизмдерін әзірлеу.

2. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің ағзасында макро- және микроэлементтердің жетіспеушілігі мен артықшылығын зерттеу.

3. Кәсіпорындарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсізідігін қамтамасыз ету бойынша жұмыскерлерді экономикалық ынталандырудың ғылыми-негізделген критерийлерін зерттеу және қауіпсіз еңбекке уәждемені арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

4. Еңбек қабілеті шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамтуға әсер ететін объективті және субъективті факторларды зерттеу мен жүйелеу және мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдарды әзірлеу.

Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы