Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыптары:
"Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен беру бойынша салааралық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу".
Жобаның мақсаты:
Келесі ұйымдарда арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарымен қызметкерлерді қамтамасыз етуді зерделеу және талдау:
• азаматтық авиация, су көлiгi (өзен және теңiз), қоршаған ортаның гидрометеорологиялық режимi бойынша бақылау мен жұмысты жүзеге асыратын ұйымдарда;
• жеңiл өнеркәсiп, тұрмыстық қызмет көрсету, азық-түлiк, ет және сүт, балық, элеваторлық, құрама жем және ұн тарту өнеркәсiптері;
• - сауда, шыны және фарфор-фаянс өнеркәсiбi.
Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын беру үшін ғылыми-негізделген критерийлерді құру.
ҒЗЖ жүргізу барысында азаматтық авиация, су көлiгi (өзен және теңiз), қоршаған ортаның гидрометеорологиялық режимi бойынша бақылау мен жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар, жеңiл өнеркәсiп, тұрмыстық қызмет көрсету, азық-түлiк, ет және сүт, балық, элеваторлық, құрама жем және ұн тарту өнеркәсiбі, сауда, шыны және фарфор-фаянс өнеркәсiбiнің қызметкерлеріне халықаралық нормаларды есепке ала отырып, арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдары номенклатурасының бар түрлері, мерзімдеріне зерделеу және талдау жүргізілді.
Күтілетін нәтижелер:
Халықаралық нормаларды есепке ала отырып, аталған салалар бойынша арнайы киім, арнайы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілген пайдалану мерзімдері бойынша салааралық нормативтік-құқықтық актілердің бақылау даналары әзірленді және шығарылды.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы