Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:
Тиімді және сапалы еңбек үшін қауіпсіз және салауатты жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған еңбекті қорғауды басқару бойынша өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін жүйелік бағалау.

Еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттар мен тапсырмалар:
1. Қазақстан Республикасы экономикасының зерттелетін салаларында жұмысшылардың денсаулығына кәсіби тәуекелдер әсерінің басымдылығы бойынша оларды зерттеу, анықтау және бағалау.

2. БДСҰ, ХЕҰ заманауи тұжырымдамаларын және халықаралық ұйымдардың (Еуроодақ, кеден одағы және басқалар) директиваларын есепке ала отырып, кәсіби тәуекелді басқаруға және денсаулықты бағалауға ғылыми-негізделген тәсілдемелерді әзірлеу.

3. Қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайларды қалыптастыруға бағытталған өзара байланысты әдістер мен құралдар кешенінде еңбекті қорғауды бағалау жүйесін әзірлеу.

4. Өндірістік қызмет қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың заманауи менеджментінің ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және әзірлеу.

5. Өндiрiстiк жарақаттану деңгейін төмендету бойынша кәсіпорындарды экономикалық ынталандырудың әдiстемелiк негіздерін әзірлеу.

6. Еңбек қызметіне қарай қызметкерлердің еңбегін нормалауды ғылыми-әдiстемелiк негіздеу және тиiстi нормативтерді әзірлеу.

Ғылыми-зерттеу тақырыптары мына бюджеттік бағдарламаларға сәйкес орындалады:
«Қолданбалы ғылыми зерттеулер» және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл».

Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы