Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:
Техникалық жетілген, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелдеуге болатын кәсіби тәуекелдің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету бойынша еңбекті қорғауды басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және әзірлеу.
Еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттар мен тапсырмалар:
1. Кәсіби тәуекелдерді анықтау жөнінде өндiрiстiк процесстерді зерттеу; өндiрiстiк қызметтiң процесінде жұмысшыларға ұзақ және қысқа мерзімді әсерiнiң басымдылығы бойынша өндiрiстiк факторларды сыныптау және оларды бағалау.
2. Қазақстан Республикасының зерттелетін экономика салаларындағы кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқарудың техникалық, экономикалық және ұйымдастыру іс-шараларының жүйелік жолының теориялық негiздерiн әзірлеу
3. Кәсiби тәуекелдер мен еңбек жағдайларына әсер ету әдiстерiн және басқару механизмдерін жетiлдiру.
4. Қазақстан Республикасы экономикасының әр түрлі салаларындағы өндiрiстiк жарақаттану және кәсіби ауруларынан экономикалық шығындарды бағалау.
5. Еңбек маңызын зерттеу және ашық тау, далалық сейсмикалық барлау, геофизикалық, гравибарлау және магниттік барлау жұмыстарын жүргізуге ғылыми-негізді уақыт шығынының мөлшерін регламенттеу.
6. Әсер етуші зиянды өндірістік факторлар кешеніне және еңбек жағдайларына байланысты жеке қорғану құралдарының сапасына қойылатын ғылыми-негізделген талаптарды әзірлеу.

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын "Жұмысшылардың зиянды еңбек жағдайларында жұмыстың барынша көп ұзақтығын анықтауда зерттеулер жүргізу".

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы