Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:
Техникалық жетілген, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелдеуге болатын кәсіби тәуекелдің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету бойынша еңбекті қорғауды басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және әзірлеу.
Еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттар мен тапсырмалар:
1. Кәсіби тәуекелдерді анықтау үшін өндiрiстiк үдерістерді зерттеу; өндiрiстiк қызмет процесінде жұмысшыларға ұзақ және қысқа мерзімді әсерiнiң басымдылығы бойынша өндiрiстiк факторларды сыныптау және оларды бағалау.
2. Қызметкерлердің еңбегін нормалау саласындағы еңбекті нормалау жай-күйі мен нормалар сапасын, сондай-ақ еңбек шығындарының негізделген нормаларын белгілеу үшін қолданылатын әдістемелік және нормативтік материалдарды талдау.
3. Әсер етуші зиянды өндірістік факторлар кешені мен еңбек жағдайларына байланысты жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) сапасының мониторингі.
4. Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларындағы өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан болған экономикалық шығындарды зерттеу.
5. Математикалық сипаттау әдісінің көмегімен кәсіби тәуекелдердің дамуында жекелеген қолайсыз өндірістік факторлардың рөлін анықтау, олардың сызықты емес принципіне орай өндірісте әсер ету дәрежесін бағалаудың сандық өлшемдерін және пайда болу мүмкіндігін болжаудың математикалық модельін әзірлеу.
6. Техникалық жетілдірілген, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелдеуге болатын тәуекелдің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету бойынша кәсіби тәуекелдерді басқарудың әдістемесін әзірлеу.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы