Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыптары:
1. Зиянды өндірістік факторлардың кері әсерін азайтуға және жұмыскерлер организмінің бейімделу жүйелерінің тұрақтылығын арттыруға арналған емдік-профилактикалық тағам мен витаминдік препараттарды қолдану жөніндегі ұсынымды әзірлеу.

2. Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізу тәсілдерінің жаңа принциптерін әзірлеу.

3. Әсер етуші зиянды өндірістік факторлар кешеніне және еңбек жағдайына байланысты жеке қорғану құралдарының сапасына қойылатын ғылыми-негізделген талаптарды әзірлеу.

4. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанушылықты және кәсіби аурулар деңгейін зерделеу.

5. Зиянды өндірістік факторлардың өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығына әсерін бағалау.
6. Қазақстан Республикасындағы өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар жөніндегі деректерді автоматтандырылған талдау және өңдеу бағдарламасын әзірлеу.

7. Өткізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі әдіснаманы әзірлеу және жетілдіру, оқыту стандарттарын ғылыми негіздеу.

8. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының жүйесін енгізу мақсатында зиянды және ауыр еңбек жағдайларымен байланысты кәсіптердің ғылыми-негізделген тізбесін әзірлеу.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы