Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:
Техникалық жетілген, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелдеуге болатын кәсіби тәуекелдің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету бойынша еңбекті қорғауды басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және әзірлеу.
Еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттар мен тапсырмалар:
1. ҚР-ның зерттелетін экономика салаларының кәсіпорындарында еңбекті қорғауды басқарудың жүйелік жолын қолдану;
2. Қызметкерлер ағзасына өндірістік ортаның зиянды факторларының экспозиция әсерін жүргізілген зерттеулер негізінде тәуекелді бағалау критерийлерін жинақтау;
3. Зерттелетін кәсіпорындарда кәсіби тәуекелді сапалы бағалаудың бейімделген жүйесін ұйымдастырудың ғылыми негіздері;
4. ҚР-ның әр түрлі экономика салаларындағы кәсіби аурулардан және өндірістік жарақаттанудан экономикалық шығындарды бағалау;
5. Сан және уақыттың тиісті нормативтерін негіздеуімен еңбек нормаларының ғылыми негіздері;
6. Қолайсыз өндірістік факторлардан және еңбек жағдайларынан қызметкерлерді қорғау үшін қажетті ЖҚҚ функционалдық мінездемелерін және қасиеттерін қамтамасыз ететін талаптарды негіздеу және әзірлеу.
Ғылыми-зерттеу тақырыптары мына бюджеттік бағдарламаларға сәйкес орындалады:
«Қолданбалы ғылыми зерттеулер» және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл».

Бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

akorda-ru logomzsrkz           Minikz

Байланыс

010000 Нур-Султан қаласы Кравцов көшесі, 18
Тел(факс): +7 (7172) 57 06 02
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

© 2004-2020 "ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ" ШЖҚ РМК

Картада орналасуы