О научно-технической деятельности Института

Институт шет мемлекеттердің барлығында дерлік жұмыс істейтін еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы саласындағы ұлттық салалық ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарының отандық жалғыз баламасы болып табылады.

Институтты құрудың мақсаты – еңбек жағдайларын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, еңбек заңнамасын жетілдіру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, өндірістегі жазатайым оқиғалар тәуекелдерін, кәсіптік ауруларды төмендету бойынша тиімді шараларды іздестіру, қауіпсіз еңбек жөніндегі ұлттық мәдениетті дамытуға жәрдемдесу, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбек ресурстарын сақтау.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарының қатарында өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың туындау себептерін және олардың алдын алу мен төмендету әдістерін зерделеу, еңбекті қорғау саласындағы процестер мен рәсімдерді автоматтандыру, өндірістік зиянды факторларды талдау және олардың жұмыскерлердің денсаулығына әсерін зерделеу, экономика, нормалау және қауіпсіз еңбекке экономикалық ынталандыру саласындағы зерттеулер, жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен және емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек бойынша кәсіптік құзыреттерді дамыту және басқа да бағыттар бар.

Сонымен қатар, көпжылдық ауқымды зерттеулердің нәтижесінде Институт кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың отандық теориясы мен әдістемелік тәсілдерін және мемлекет пен кәсіпорын деңгейінде еңбекті қорғауды басқарудың ғылыми негізделген жүйесін қалыптастырды.

Институттың зерттеулері өнеркәсіптің түрлі салаларындағы пилоттық кәсіпорындар базасында жүргізіледі, сондай-ақ сол кәсіпорындарда әзірлемелер сынақтан өткізіліп, енгізіледі.

Отандық әзірлемелерді ғылыми апробациялау және насихаттау шеңберінде зерттеу нәтижелері ғылыми және салалық әдебиеттерде тұрақты түрде жарияланып, рейтингтік басылымдарда жарық көреді, ғылыми конференцияларда ұсынылады.

Осындай ауқымды зерттеулер ғылыми серпіліске және еліміздің еңбекке қабілетті халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіруге, азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыруға, демографиялық міндеттерді шешуге, Қазақстанның әлемдік рейтингтердегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.