Сараптамалық зерттеулер

Институт қызметінің бағыттарының бірі – ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикалық қолдану жолдарын іздеуге және негіздеуге бағытталған талдамалық және әлеуметтанулық зерттеулер.

Мемлекеттік органдар бастамашылық ететін талдамалық зерттеулердің міндеттері: мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы қолда бар ақпаратты жинау, қорыту және жүйелеу; мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижелілігін талдау; мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға, нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттарға енгізуге, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге бағытталған жаңа тәсілдерді әзірлеу.

РНИИОТ-тың азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде іске асырған талдамалық зерттеулері (ҚР ДСМ және ҚР ЕХӘҚМ):

  1. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс істеуінің барынша рұқсат етілетін ұзақтығын айқындау бойынша зерттеулер жүргізу (2011–2013 жж.);

  2. Кәсіптік аурулардың қауіп тобындағы адамдарды ерте анықтау және олардың алдын алу әдістемесін әзірлеу (2013–2014 жж.).

РНИИОТ-тың ҚР ЕХӘҚМ бюджеттік бағдарламалары шеңберінде іске асырған талдамалық зерттеулері:

  1. Өндірістік тәуекелдерді бағалау жүйесін жетілдіру арқылы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру (2015 ж.);

  2. Қазақстан Республикасындағы әйелдердің зиянды еңбек жағдайларындағы еңбегін реттеу тетігін жетілдіру (2017 ж.);

  3. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда жұмыспен қамтылған кезде қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығын және қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртібін жетілдіру (2018 ж.).

Институттың БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының Қазақстандағы жобалары шеңберінде іске асырған талдамалық зерттеулері:

  1. Қазақстан Республикасында әйелдердің еңбегін пайдалануға қойылған шектеулерді алып тастаған жағдайда әйелдердің тең еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің құқықтық негізін негіздеу (2021 ж.);

  2. Қазақстан Республикасындағы жұмыс орнында зорлық-зомбылық пен сексуалдық сипаттағы қудалаудың деңгейі мен негізгі себептерін зерделеу (2022 ж.).

Институттың бизнес бастамашылығы негізінде іске асырған жобалары шеңберіндегі талдамалық зерттеулері:

  1. «KAZMINERALSAKTOGAY» ЖШС кәсіпорны жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын талдау және шаршаудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу (2017 ж.);

  2. Тау-кен өнеркәсібіндегі заманауи үлкен жүк көтергіш автомобильдерді басқару үшін «жүк көтергіш автосамосвал жүргізушісі» мамандығы бойынша әйелдерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін зерттеу («Варваринское» АҚ, «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС) (2018 ж.).

Институттың 2026 жылы іске асырған талдамалық зерттеуі:

  1. Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан жұмыскерлерді ерікті сақтандыру тәсілдерін өзектендіру мақсатында жұмыскерлердің кәсіби еңбекке қабілеттілігінен 5–29% айырылу дәрежесін белгілеуге алып келген өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды зерттеу (2026 ж.).

Талдамалық және әлеуметтанулық зерттеулер еңбек саласына қатысты әртүрлі аспектілер бойынша ағымдағы жағдайды бағалауға, ұсынылып отырған және іске асырылып жатқан ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың перспективалылығын, әзірлену деңгейін бағалауға, ғылыми жаңалығын, ғылыми-техникалық деңгейін, сондай-ақ ҚР ЕХӘҚМ құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттарға деген қажеттіліктерін бағалауға мүмкіндік береді.